Павлодарда бірнеше үйге уақытша су беру тоқтатылады

Павлодарда бірнеше үйге уақытша су беру тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Павлодар-Водоканал» ЖШС тұрғындардан су қорын жинап қоюды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

19 маусым күні Толстой – Ак. Бектұров көшелері қиылысындағы су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша өшіріледі:

  • Толстой көшесі, 16, 18, 20;
  • Луначарский көшесі, 20, 24, 24А;
  • Генерал Дүйсенов көшесі, 138.

Ведомство өкілдері тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және бұл жұмыстар ауызсумен қамту сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқанын хабарлайды.