Павлодарда бірқатар үйлерде жарық болмайды

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- М. Жүсіп көшесі, 170, 172, 206;
- Ак. Бектұров көшесі, 141;
- М. Горький көшесі, 76;
- Толстой көшесі, 30, 47, 57;
- Толстой – М. Жүсіп – М. Горький – Ак. Бектұров көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.