Павлодарлық университетте жарық болмайды

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қараша күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Ломов көшесі, 64 – С. Торайғыров атындағы университетінің бас корпусы;
- Ак. Шөкин көшесі, 139 – С. Торайғыров атындағы университетінің инженерлік факультеті;
- Н. Назарбаев даңғылы, 56 – «Газпромнефть» жанармай құю станциясы, 58 – «Рубин» сауда үйі;
- М. Жүсіп көшесі, 288-тұрғын үйі.