Павлодарда дене шынықтыру мұғалімдері гандбол ойынының негіздерін меңгерді

Павлодарда дене шынықтыру мұғалімдері  гандбол ойынының негіздерін меңгерді
Фото: pixabay.com/ru

№ 21 ЖОМ базасында оқушылар арасында «Гандболды ойнау ережелері мен үйрету» тақырыбында семинар-практикум өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қол добы ойынының танымалдығын арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

 – Семинар аясында қатысушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстармен, гандбол ойнау, спорт секцияларында гандболды дамыту ережелерімен, оқушыларды үйрету мен жаттықтырудың әдістемелік тәсілдерімен танысты, –дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қадырбек Раисов.

№ 21 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Татьяна Алексеенко «Ойын ережелері. Гандбол ережелері бойынша әдістемелік ұсынымдар», № 5 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Ризагүл Мұқанова «Павлодар облысында гандболдың даму мониторингі. Ұлттық мектеп лигасында гандболдан республикалық жарыстарға қатысу» тақырыбында баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар гандбол ойнаудың негізгі әдістері мен техникасы бойынша алған білімдерін «Гандболдағы негізгі іс-қимылдарды үйрету» ойын практикумы тақырыбындағы шеберлік сағатында қолданды.

Семинар қорытындысы бойынша сұрақтарға жауаптар берілді, жұмыста пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар алынды.