«Жастар және заң»: Павлодарлық прокуратура оқушыларға жоба ұсынды

«Жастар және заң»: Павлодарлық прокуратура оқушыларға жоба ұсынды
Фото: автор

Аталмыш бағдарлама өңір мектептерінде 2023 жылдан бастап іске асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Заң керуені» науқанының аясында шет елдердің тәжірибесі негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу сапасын арттыру үшін прокуратура «Жастар және заң» атты жобасын әзірледі. 

Жоба К.Мақпалеев атындағы және № 14, 18, 24, 29 жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асты.

Сондай-ақ, 5 наурызда №24 ЖОМ базасында прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылған алғашқы сабақ өтті.

Оның ерекшелігі сабақты ойын түрінде өткізуді көздейді. Қатысушылар қылмысты немесе құқық бұзушылықты таңдап, рөлдерді ойнап, судья, прокурор, тергеуші ретінде әрекет етеді.

Дайындық барысында 9-сынып оқушылары заңнаманы зерттеп, материалдар жинады. Бұдан бөлек, презентациялар дайындап, сценарий жазды. Сонымен қатар Оңтүстік полиция бөліміне барды. 

Айта кетейік, жоба балалар қылмысының деңгейін төмендетуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.