Павлодар облысында соңғы рет дифтерия 23 жыл бұрын тіркелген

Павлодар облысында соңғы рет дифтерия 23 жыл бұрын тіркелген
Фото: Константин Шелков

Дифтерия – кең таралған ауру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанова мәлім етті. 

– Басқа елдерде бұл дерт әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпауда. Әлем бойынша әр жыл сайын аталған дерттен бес мыңға жуық адам көз жұмады, – дейді Зәмзәгүл Досжанова.

Дифтерия – жоғарғы тыныс жолдарына, сирек жағдайларда теріге әсер ететін, бактерия тудыратын ауру. Бактерия шығаратын токсин жүрек бұлшықетіне және жүйке тініне зақым келтіреді. 

Бұл аурудың алдын алатын жалғыз шешім – вакцина алу. Вакцинаны  сәбилер бір, үш, төрт,  он сегіз айлығында, кейін алты жасында, жасөспірімдер он алты жасында және ересектер әр он жыл сайын алып отырады.