Сәрсенбі күні Павлодар облысында қар жауады

Сәрсенбі күні Павлодар  облысында қар жауады

«Қазгидромет» РМК 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, күн бұлтты болады. Кей уақыттарда аздаған қар жауады.

Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші  секундына 2-7 метрді құрайды. 

Түнде -21...-23, күндіз -13...-15 градус аяз болады.  

Фото: Константин Шелков