Павлодарда ұлын тыныштандыра алмаған әйел өлтіріп алды
Әйелдің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
№ 2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 28 қазанында облыс орталығының тұрғыны жаңа туған ұлын тыныштандырғысы келіп, оны еденге жатқызған.
- Осыдан кейін ол қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақатынан жаңа туған нәрес қайтыс болды, - деді №2 сотта.
Әйел баласының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірмегенін айтып, кінәсін мойындамады. Әрі соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.