Май ауданында мотоцикл айдаған тұрғын қамауға алынды
Ауыл тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданының ауылдардың бірінде патрульдеу кезінде 49 жастағы жүргізушінің басқаруындағы HONDA маркалы мотоциклі тоқтатылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған. Медициналық куәландыру полицияның болжамдарын растады.
– Жүргізушінің орташа дәрежелі мас күйінде екені анықталды. Бұған қоса, жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы болмады. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, материал сотта қаралған. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады департаментте.
Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.