Павлодарда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 шілдеге қараған түні Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде екі ер адам арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Қақтығыс кезінде олардың бірі досына пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған.
– Қылмыс жасады деген күдікпен ер адам анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады департаментте.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.