Павлодарда екі автобус бағыты өзгереді
Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 20 мамыр күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Академик Бектұров көшесінің Кривенко көшесінен Естай көшесіне дейінгі учаскесінде автокөлік қозғалысы шектеледі. Осыған орай № 003 және № 126 қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде автобустар мынадай бағыттар бойынша айналып өтеді:
№ 003 автобус бағыты:
- шығыстан батысқа қарай Естай көшесімен жүргенде: Естай – Абай – Кривенко – Академик Бектұров көшелері арқылы;
- солтүстіктен оңтүстікке қарай Академик Бектұров көшесімен жүргенде: Академик Бектұров – Кривенко – Мәшһүр Жүсіп – Естай көшелері арқылы өтіп, әрі қарай өз бағытымен кетеді.
№ 126 автобус бағыты:
- оңтүстіктен солтүстікке қарай Астана көшесімен жүргенде: Астана – Кривенко – Академик Бектұров көшелері арқылы;
- солтүстіктен оңтүстікке қарай Академик Бектұров көшесімен жүргенде: Академик Бектұров – Қайырбаев – Астана көшелері арқылы айналып өтіп, әрі қарай тұрақты бағыты бойынша қатынайды.