Павлодарда екі саяжай отқа оранды
Ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 қазан күні сағат 21:59-да Павлодар қаласындағы «Северный» бау-бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімшелері екі саяжай учаскесін шарпыған өртті толықтай сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, әсіресе саяжай аумақтарында оттан абай болуға шақырады.