Павлодарлық жолшылар шетелдік жүргізушіні тығырықтан шығарды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған алыс сапар жүргізушісіне дер кезінде қол ұшын созды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдің тас жолында жолдан шығып кеткен ауыр жүк көлігі мамандардың жедел әрекетінің арқасында қауіпсіз аймаққа жеткізілді.
Оқыс оқиға орын алған жерге дереу жеткен жолшылар арнайы техниканың көмегімен шетелдік жүк көлігін сүйреп шығарып, жүргізушінің сапарын әрі қарай қауіпсіз жалғастыруына мүмкіндік жасады. Күтпеген жерден көмекке келген мамандардың кәсібилігіне тәнті болған шетелдік азамат көрсетілген жедел қолдау үшін қазақстандық жолшыларға шынайы алғысын білдірді.