Баянауылда орын алған апаттан фотосуреттер пайда болды

Баянауылда орын алған апаттан фотосуреттер пайда болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Апат орнында облыс әкімі жеке штаб құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Майқайың кенішінде төрт адам мінген автобус шахтаға құлаған апат орнынан фотосуреттер пайда болды.

Қаза тапқан екі шахта құтқарушысын іздеу жұмыстары жалғасуда. Учаскеде 73 адам жұмыс істеген. Құтқарушылар топырақ пен тастардың құлау қаупіне байланысты жартастың шеттерін тазалап, бекітті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Майқайың кеніші маңында автобус тазарту алаңына құлаған болатын. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оны облыс әкімі басқарады.

Бұған дейін құтқарушылар қаза тапқан екі адамның – 24 жастағы Сарқыт Берліқан мен 53 жастағы Олег Тышкевичтің денесін шығарған болатын.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі