Павлодарда екі шағын ауданда жарық болмайды
Жөндеу жұмыстары 3 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, электр желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр жарығы сөндіріледі.
Жарық Хромзауыт, Лесозавод шағын аудандарында және Потапов көшесі 14 - 38, Линный, Қазыбек тұйық көшелеріндегі тұрғын үйлерде болмайды.
Сонымен қатар, ертең сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Димитров - Архангельский - Щедрина - Таллинский көшелері алаңындағы тұрғын үйлер мен Архангельский көшесі, 80 тұрғын үйде де жарық болмайды.