Павлодарда екі көлік соқтығысты

Павлодарда екі көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір әйел медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

26 мамыр күні сағат 15:03 кезінде Ак. Марғұлан көшесінде болған жол апаты туралы қоңырау шұғыл қызметтерге түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Chery Tiggo 2» маркалы көліктің жүргізушісі Толстой көшесімен қиылысқан тұста жол бермей, Volkswagen Jetta автокөлігімен соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Chery Tiggo 2» көлігінің жүргізушісі 32 жастағы әйел медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер қарағаннан кейін ол ауруханаға жатқызылған жоқ, оқиға орнында қалдырылды, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде.