Павлодарда екі көшедегі бағдаршам қайта жаңартылуда

Павлодарда екі көшедегі бағдаршам қайта жаңартылуда
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков мәлім етті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы бағдаршамдар және Ломов көшесіндегі бағдаршам қайта жаңартылуда.

– «Облыстық тіс емханасы» аялдамасы мен №24 мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршам нысандарын жаңарту жұмыстары басталды. Ескі тіректер мен бағдаршамдар ауыстырылады және жаяу жүргіншілерге арналған қоңырау түймелері орнатылады, – деп жазды шаһар басшысы Іnstagram парақшасында. 

Сонымен қатар, Ломов және Павлов көшелерінің жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаңа бағдаршам орнатылады. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалуда.