Павлодарда екі шағын ауданда уақытша жарық өшіріледі
Электр қуаты бір тәулікке сөндіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
- Жарық 17 тамыз күні сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өшіріледі. Оған электр желілеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстары себеп, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, электр қуаты Хромзавод пен Лесозавод шағын ауданындағы тұрғын үйлерде өшіріледі.