Павлодарда жас слесарьлер жарысты

Павлодарда жас слесарьлер жарысты
Фото ұйымдастырушылардың рұқсатымен

Қатысушылар қаңылтырдан бұйым жасау үшін командада жұмыс істеу керек болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін түсті металлургия жоғары колледжінің базасында «слесарь ісі» құзыреттілігі бойынша «WordSkills Pavlodar-2024» өңірлік кәсіби шеберлік байқауының бірінші күні өтті. Биыл бұл құзырет алғаш рет командалық қатысумен ұйымдастырылды. Байқауға Павлодар облысы колледждерінің 18 студентінен тоғыз команда қатысты.

– Конкурстық тапсырма бірнеше модульден тұрды. Конкурстық тапсырманың мазмұны әр түрлі тәсілдермен кесу, иілу және құрастыру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңылтырдан бұйым жасау үшін командада жұмыс істей білу болды, – деді колледждің баспасөз қызметі.

Байқауға қатысушылар өздерінің техникалық шеберліктерін, коммуникативтік және кәсіби дағдыларын көрсетті.