Павлодарда екі шағын ауданда жарық болмайды

Павлодарда екі шағын ауданда жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Сонымен қатар тағы оннан астам тұрғын үй уақытша жарықсыз қалмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.

- Ертең яғни 27 қазан күні электр желілеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты Хромзавод пен Лесозавод шағын ауданларында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр энергиясы өшіріледі, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін электр энергиясы келесі мекенжайларда өшіріледі:

Естай көшесі, 134, 134/1, 134/2, 136, 140, 142
Кривенко көшесі, 81, 83, 85, 87
Фурманов көшесі, 76, 79
Бекмаханұлы көшесі, 39.