Павлодар облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Қанат Момынов Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Алғабекұлы 1990 жылғы, жоғары білімді. 2012 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2007 жылы бағдарламашы болып бастап, кейін түрлі ұйымдарда бухгалтер болып жұмыс істеді.
2015-2022 жылдары Шымкент және Астана қалаларында мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарды атқарды – департамент басқармасының бас маманы, қаржылық бақылау инспекциясының бас ревизоры, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, тәуекелдер, аудит, аппеляция және құқықтарды қорғау басқармасының сарапшысы, аудит бөлімінің басшысы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстандық қоғамдық даму институтының ішкі аудит қызметінің басшысы болды.