Павлодарда Ертіс маңында жаңа сквер ашылды
Оны көру үшін облыс орталығының тұрғындарымен бірге шетел қонақтары да келді, деп хабарлайды @Pavlodarnws.kz тілшісі.
2022 жылы қала әкімдігі павлодарлықтар үшін жақын жерде болатын, жайлы демалыс орындарын салу бойынша жоба құра бастады. Ол 2023 жылы шағын алаңдарды орнатудан жүзеге аса бастады.
Ардагерлер кеңесінің өтініші бойынша 29 қараша көшесінде жаңа «Тұран» сквері салынды. Жайлы демалыс орны қала күні мерекесіне орай салтанатты түрде ашылып, тұрғындарға ұсынылды. Енді павлодарлықтар өзен жағасында серуендеп, балық аулау үшін тағы бір орын пайда болды. Алаңның 120 метріне брусчатка төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері мен қоршаулар орнатылып, гүлдер отырғызылды. Жаңа сквер селфи жасауға арналған фотоаймақ та бар.
Бүгінде қаланың бірнеше шағын аудандарында орналасқан он сквер бар.
– Биыл сегіз сквер абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Төртеуі бойынша жұмыстар аяқталды, қалғанын тамыз айының соңына дейін бітіреміз. Биыл «Зеленстрой» шағын аумағында демалыс аймағын саламыз, – деді қала әкімі Хасар Хабылбеков.
Қала күнімен құттықтап, жаңа демалыс орындарын тамашалау үшін Омбыдан делегациясы келді.
– Павлодар мен Омбы – бауырлас қалалар. Бізді жолдар ғана емес, Ертіс өзені де байланыстырады. Біздің ортақ сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарымыз бар. Бір өзеннің бойында тұрғандықтан, ортақ міндеттеріміз көп. Біздің халқымыздың игілігі үшін араласып, тәжірибе алмасуымыз керек. Меркелеріңіз құтты болсын!– деді Омбы қаласының әкімі Сергей Шелест.
Ресейден келген қонақтар Усолкадан Орталық жағалауға дейінгі жаяу жүргіншілер көпірінің жобасын көріп, таң қалды. Асайын Байханов Омбы қаласының әкіміне қабырғалары инелік қанатына ұқсайтын көпірдің эскизін көрсетті. Оның ені алты метр, ұзындығы 99 метр, биіктігі сегіз метр болады. Көпір астынан кеме көлігі еркін өтуі үшін су деңгейінен биіктігі 14 метрді құрайды. Адамдарға арналған баспалдақ, ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жақтан лифт орнатылады. Көпірдің келесі жылы құрылатын болады.