Павлодарда «Ертіс» пен «Астана» арасындағы матчқа билеттер сатылымға түсті
Ойын 14 қазан күні Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры аясында павлодарлық «Ертіс» футбол клубы елордалық «Астананы» қабылдайды. Кездесу сағат 15:00-де басталады.
Билеттер «Яндекс Афиша» сервисінде сатылуда. Бағасы – 1000 теңге.
Сондай-ақ маусымдық абонемент иелері, 14 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлер стадионға тегін кіре алады. Ол үшін кіреберісте жеңілдік құқығын растайтын құжатты көрсету қажет.
Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Кездесуде Айбол Әбікен есеп ашса, Лиридон Латифи пенальтиден екінші голды соғып, павлодарлықтардың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу міндетін қиындата түсті.