Павлодарда ерте піскен картоп дүкендерде қанша тұрады?

Павлодарда ерте піскен картоп дүкендерде қанша тұрады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Алғашқы өнімді қала маңындағы ауданның диқандары жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

17 шілдеден бастап бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары – «Скугаревы», «Наурыз», «Радуга», «Арман», «Андрей», «Артамонов», «Макаш», «Мечта», «Жадько», «Росагро» ЖШС, «Andas agro», «Тамара агро» және «Артамонов» шаруа қожалығы – картоп жинауға кірісті.

– Ерте өнім алу үшін Павлодар ауданының диқандары жоғары өнім беретін ерте пісетін «Коломбо» сортына басымдық береді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында. – Өнімділік гектарына 200-300 центнер шамасында.

Ақтоғай, Ақсу және Екібастұз өңірлерінің көкөніс өсірушілері ұзақ сақтауға ыңғайлы орташа мерзімде пісетін «Латона», «Леди Клэр», «Гала Импала» сынды әмбебап сорттарды таңдады.

Күн сайын диқандар 10-30 тонна аралығында картоп жинайды. Алқаптағы баға – килограмына 150-180 теңге. Негізгі сату орны – «Рахмет» базары. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметінше, сауда орындарындағы бөлшек баға орта есеппен 170-190 теңге.

«Jailau» фермерлік базарында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы нарықтан 15-20 пайызға арзан, себебі өнім делдалсыз тікелей жеткізіледі.

Тұрақтандыру қоры серіктес дүкендеріндегі бағалар: сәбіз – 138 теңге/кг, пияз – 149 теңге/кг, қырыққабат – 157 теңге/кг.