Павлодарда әйелдер қауымын ерекше кешке шақырады

Кеш қонақтарын психологпен сұхбат, пилатес шеберлік сағаты, фуршет және арт-кинокеш күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
5 наурыз күні сағат 15:00-ден 18:30-ға дейін Ломов көшесі, 38 мекенжайында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Girl’s Girl» тематикалық кеші өтеді.
– Қыздар, бұл кеш сізге арналады! Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сіздерді «Girl’s Girl» атты ерекше кешке шақырамыз! Мұнда сізді жылулық, қолдау және өзін-өзі көрсету атмосферасы күтіп тұр! – дейді ұйымдастырушылар.
Кеш интерактивті танысудан басталып, әйелдер психологы Айнұр Солтанмен өтетін жылы әрі шабыттандыратын сұхбатпен жалғасады. Одан кейін қонақтар «Atmosfera» студиясының энергияға толы пилатес шеберлік сағатына қатысып, дәмді фуршеттен дәм татып, әңгімелесуге тамаша мүмкіндік алады.
Кеш соңында қатысушылар 2025 жылға арналған арман картасын жасап, фильм тамашалайды.
Кіру тегін.
Тіркелу үшін +7 (778) 679-22-17 (Томирис) нөміріне хабарласуға болады.