Павлодар облысында қауіпті су қоймалардың саны артты

Павлодар облысында қауіпті су қоймалардың саны артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көбінесе адамдар рұқсат етілмеген шомылатын жерлерде суға батуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс аумағында 47 жағажай бар, оның ішінде 27 коммуналдық және 20 жеке жағажай.

«Жаз-2025» шомылу маусымында адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Павлодар қаласының аумағында учаскенің сипаттамасы көрсетілген 45 тыйым салу белгілеріне – кодтар әзірленіп, орнатылды. Өткен жылы 25 QR-коды болды. Сілтемеге өту арқылы осы аумақта суға батып кеткендердің саны мен судың тереңдігі туралы ақпаратты білуге болады. 

Сондай-ақ, өткен жылы 2GIS қолданбасы шомылуға тыйым салынған 43 қауіпті су айдынын көрсетті. Биыл мұндай нысандар саны артты.

– Мәслихаттың шешімімен облыстағы су қоймасының 129 қауіпті учаскесі бекітілді. 2GIS қосымшасы тек Павлодар және Ақсу қалаларында жұмыс істейді. Жақында 19 су қоймасы бар нүктелер Екібастұз қаласының картасына да қосылды. Суға шомылу маусымы басталмай тұрып, қосымшамен жұмыс жүргізіліп, қалған суға түсуге қауіпті болуы мүмкін учаскелер сонда қосылады, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай.

Мұндай іс-шаралар адамдардың негізінен су айдындарының рұқсат етілмеген жерлерінде батып кетуіне байланысты өткізіледі.