Павлодарда есірткіге масаң күйдегі жүргізуші ұсталды

Павлодарда  есірткіге масаң күйдегі жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның әрекеті медициналық сараптамамен расталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Гагарин көшесінде Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Рөлдегі ер адамның күдікті әрекеті медициналық сараптама жүргізуге негіз болды. Тексеру нәтижелері тәртіп сақшыларының күдігін растап, жүргізуші есірткілік масаң күйде болғаны белгілі болды.

— Мұндай жағдайда көлік басқару — қауіпсіздікке төнетін ең үлкен қатерлердің бірі. Патруль қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылып, жолдағы қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды, — дейді облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Әсет Рыспаев.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.