Павлодарда ескі аккумуляторлардан құбырлар жасалады

Павлодарда ескі аккумуляторлардан құбырлар жасалады
Фото: Константин Шелков

Жергілікті кәсіпорын елімізде аккумуляторларды қайта өңдейтін екінші кәсіпорын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық «Тандем-ПВ» ЖШС аккумуляторларды сатуға маманданған. 2017 жылдан бері кәсіпорын оларды өңдеумен айналысады. Екі жылдан кейін кәсіпорын тазартылған қорғасын құю цехын іске қосса, биыл қайта өңделген полипропиленнен кәріз құбырларын шығаруды қолға алуда.

– «Даму» қорының арқасында 21,75 пайыздық мөлшерлемемен 230 миллионға несие алдық, оның 13,75-ін мемлекет субсидиялайды. Кәсіпорын арнайы экономикалық аймақта салынған, –дейді директордың орынбасары Геннадий Бобылев.

Оның айтуынша, елімізде жыл сайын аккумуляторлардан 30 мың тоннаға жуық қалдық шығарылады. Павлодарлықтар жылына оның үш мың тоннаға дейін  өңдейді. Өңдеу кезінде қорғасын және полипропилен алынады.

Өнімнің ең үлкен диаметрі 110 мм. Олар құбырларды зауыт қоймасынан сатуды жоспарлап отыр. Әлеуетті сатып алушылар - павлодарлықтар мен басқа облыстардың тұрғындары.