Павлодар жаңа стадион салына ма?

Жоспар облыс әкімдігінде пысықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мұны облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы да растады. Басқарма басшысы Бақытжан Әлімғазинов жауап бергендей, жаңасын салу кезінде ескі орталық стадион бұзылмайды.
«Жобаланған бас жоспардағы орталық стадионның аумағы өзгермейді, жаңа стадион салу жоспары әзірлеу кезеңінде», - деп жауап берді департаменттен.
Жуырда қаланы аралау барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов алдағы жобаға кеңінен тоқталып, тіпті аренаның шамамен сыйымдылығын атады. Ол Спорт сити мөлтек ауданында салынуы мүмкін.
- Біз Спорт-ситидегі тұрғын үй құрылысынан бас тартқан жоқпыз, бірақ қазір футбол стадионын қайда орналастыру керектігін талқылап, ойланып жатырмыз. Ендігі мәселе мынада: не ескісін қайта қалпына келтіреміз, не жаңасын саламыз. Мүмкін, жаңа стадионды Спорт-ситиде, өйткені стадион көбірек орынды қажет етеді - қосымша алаңдар қажет. Ал ескісін балалардың жаттығуларына пайдалануға болады, оны ешкім сырып тастамайды, жөндейтін шығармыз. 12 мыңға жуық көрерменге арналған заманауи стадион еурокубок матчтарын қабылдай алады – жобаны қарастырып жатырмыз, – деді Асайн Байханов.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл биылғы жылдың, тіпті келесі жылдың шаруасы емес, бірақ оны қазірден бастап салу керек, бұл әкімдіктің бас қатырып жатқан шаруасы.
Еске салайық, Павлодар қаласының Орталық стадионын қайта жаңғыртудың концептуалды жобасын «Ертіс» спорт мектебінің басшысы Жандос Ұзақов таныстырды. Оның айтуынша, 2023 жылдың қараша айында нысан техникалық тексеруден өтіп, солтүстік мінбер апатқа дейінгі, ал батыс және шығыс мінберлер қайта құрумен күрделі жөндеуді қажет етеді деп танылды.
Ескі павлодарлық стадион әлі қайта жөнделсе, жанкүйерлер мүлде басқа аренаға ие болады. Дегенмен, облыс басшылығы жаңа стадион салуға ұмтылып жатқан сияқты.