Павлодарда есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды
Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың шілде айының соңында Павлодар - Кенжекөл автожолындағы рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары "Мерседес-Бенц"маркалы автокөлікті тоқтатты.
Жүргізушінің түсініксіз сөздері мен біртүрлі қозғалыстары, көз қарашығының үлкейгені шетелдік көлік жүргізушісінің жағдайы нашар екенін көрсеткен.
- Медициналық куәландыру нәтижелері жүргізушінің есірткіге мас екенін көрсетті. Тексеру кезінде 29 жастағы жігіттің жүргізуге құқығы жоқ көлік құралын басқарғаны анықталды, - деді департаментте.
Ер адам сот шешімімен 2022 жылдың наурызында 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын өздеріне және басқалардың өміріне қауіп төндірмеуге, мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, алғаш рет мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Сол мерзім ішінде қайталанған бұзушылық жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.