Павлодарлықтарды жолда сақ болуға шақырады

Жаяу жүргіншілерге мұқият болып, жолды рұқсат етілген жерлерден ғана өтугекеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-24 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында жолдардағы апаттылық деңгейін төмендетуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
– Жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеруге және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді мұқият болуға, маневр жасау қауіпсіздігіне көз жеткізіп, жолды рұқсат етілген жерлерден ғана өтуге шақырады, – деді департаментте.
Полиция қызметтік автокөліктерде және апаттық-қауіпті учаскелерде орнатылған мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендер барынша пайдаланатынын ескертті.