Павлодарда ет дүкені жанды
Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтарда сағат 04:00-де «Best et» дүкенінде 200 шаршы метр аумақта өрт болды.
– Екінші қабатта жиһаз, ағаш құрылымдар, бірінші және екінші қабаттар арасындағы төбелер, шатыр өртенді. Оқиға орнында 48 адам және 11 техника жұмыс істеді, – дейді облыстық ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Әбілқайыров.
Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен сағат 06-31-де жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.