Атамекен кентінде жеңіл көлік отқа оранды
Көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусымда сағат 22:13-те Атамекен кентінде «Lada Priora» маркалы көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сағат 22:29-де ауыздықталып, 22:32-де сөндірілді.
Оқиға орнында ТЖД өрт сөндіру қызметінің үш қызметкері және бір техника жұмылдырылды.