Павлодарда ең күлкілі КВН командасы анықталды
Ойынға Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан сегіз команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда «Ертіс-Премьер» лигасы мен қалалық КВН кубогының жартылай финалдық ойындары өтті. Көңілді және тапқырлар Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында жиналды.
Ойын нәтижесі бойынша «Ертіс-Премьер» ашық лигасының ақтық мәресіне «Агронавты» (Кемеңгер), «Неформат» (Теміртау), «Молодежная сборная Темиртау», «Троян» (Теміртау), «Cash-Ю» (Павлодар облысы), «Команда имени Серика Мусалимова» (Павлодар), «Без потолка» (Өскемен) командалары шықты.
Павлодар қаласының КВН кубогында белдескен Троян командасы жеңімпаз атанды. КВН 2025 жаңа маусымына Розовкадан «Почти городские» мен Өскеменнен «Халва» шақырылды.
«Ертіс-Премьера» ашық КВН лигасының финалы 10 қараша күні Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Жүлде қоры – 400 мың теңге.
Ойындар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өтуде.