Бағаламау мүмкін емес: Асайын Байханов павлодарлық еріктілерді мерекемен құттықтады
5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов өзінің жеке парақшасында өмірлерінің бір бөлігін риясыз мейірімділікке, қоғам игілігіне арнайтын жандарды айтулы мерекемен құттықтады.
– Павлодар өңірі өзінің волонтерлік қозғалысымен танымал болып, бірнеше рет еліміздің ең мейірімді өңірі атанды. Әрбір оқиғаға немқұрайлы қарамайтын тұрғындарымыздың Екібастұздағы ТЖ салдарын жоюға, күн сайынғы іздестіру шараларына қатысуға, науқастардың еміне қаражат жинауға, көгалдандыру мен қоқыстан тазартуға, иесіз иттер мен мысықтардың мәселесін шешуге қосқан орасан зор үлестерін бағаламау мүмкін емес, – деп жазды аймақ басшысы.
Волонтерлер қоғамның үніне әрдайым құлақ асып, көп жағдайда қоғамның назарынан тыс қалатын мәселелерді шешуге серпін береді.
– Ерікті жандардың қатары көбейіп, игі істердің ұйтқысы бола беріңіздер! Біз сіздерді әрқашан қолдаймыз. Мереке құтты болсын!– деп жазды облыс әкімі.
Айта кетейік, 2024 жыл ТМД-да волонтерлік қозғалыс жылы деп жарияланды.