Павлодарда футболдан республикалық турнир өтті
Оған 10-нан астам команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Спорт-сити» кешенінде 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «Жаңа жылдық демалыс» турнирінің матчтары аяқталды.
Жарыста еліміздің жеті қаласынан келген 12 команда бақ сынады. Турнирдің жартылай финал ойындарында павлодарлық екі жасақ – «SaryArqa» мен Ертіс ОРМБЖМ-2012, сондай-ақ «Астана-2013» және «Оқжетпес-2012» футбол орталықтарынан келген қонақтар кездесті. ½ финал қорытындысы бойынша жерлестеріміз қонақтарға жол берді.
Осылайша, турнирдің қола жүлделері үшін матчта «SaryArqa» және Ертіс ОРМБЖМ-2012 кездесті. Бірінші таймда ертістіктер 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші таймда үшінші гол соғып, 3:1 есебімен аяқтады.
Финалдық кезең тартысты өтті: «Оқжетпес» футбол орталығының балалары тез арада екі гол, үзіліске дейін астаналықтар бір гол соқты. Екінші таймда олар оқжетпестіктерді қуым жетіп, 2:2 есебімен ойынды аяқтады. Есеп тең болған соң командалар 11 метрлік доп соқты. Нәтижесінде астаналық команда дәлдігін көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды.
Турнир соңында түрлі номинациялар табысталып, футболистер марапатталды. Үздік қақпашы аталымын — Асанәли Шаймурат, үздік қорғаушы аталымын — Макар Маслеников, үздік артылай қорғаушы номинациясын — Алихан Айтмұхамбет, үздік шабуылдаушы —Иманмалик Жанкелді мен Арби Аушев алса, үздік ойыншы аталмына Ерасыл Ахметқалиев ие болды.