Сенбіде Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Сенбіде Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: Константин Шелков

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 14 қазанда дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында жел соғады, епкіні секуындына 15-20 метрге дейін күтіледі. Ауа температурасы күндіз +8…+13 градус болады. Облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады.

Павлодар қаласының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы күндіз +10…+12 градусты көрсететін болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.