Павлодарда кішкентай қызды ит қауып алды
Ит жеті жасар қыздың иығынан тістеп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінше, фельдшерлер өткен сенбі, жексенбі күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.
– Демалыс күндері жануардың қауып алуына байланысты қоңырау келіп түсті. Павлодарда ит жеті жасар қызды иығынан тістеп алды. Науқас облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Сондай-ақ, өткен демалыс күндері 103 қызметінің фельдшерлері әйелдің үй жағдайында босануына көмек еткен.
– Жүктіліктің 39-шы аптасында болған 29 жастағы әйелдің толғағы жиі болғаны туралы хабар 23 шілдеде сағат 04:16-да келді. Жеті минуттан кейін медициналық топ орынға жетті. 24 минуттан кейін әйел қыз баланы босанды, – деді Ирина Мищенко.
Дәрігерлер босанған әйел де, жаңа туған нәресте де өздерін жайлы сезінуі үшін бәрін жасады. Олар облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.
Фото: Константин Шелков