Павлодарда тойда төбелес шығарғандар ұсталды

Павлодарда тойда төбелес шығарғандар ұсталды
Фото: Константин Шелков

Олар полицейлерге қарсылық көрсетпеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 қазанда түнгі сағат 22:39-да кафенің бірінде төбелес шықты деген хабар келіп түсті.

–        Шақырту бойынша автопатруль жіберілген болатын. Төбелес тойда таныстардың арасында шыққаны анықталды. Олар арыз жазудан бас тартты,– деді департаментте.

Тәртіп сақшылары төбелестің барлық қатысушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.