Павлодарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сәтбаев көшесінде жол таңбасын салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 13 қазан күні сағат 9:00-ден бастап Академик Сәтбаев көшесімен автокөлік құралдарының қозғалысы Торайғыров көшесінен Усольский шағынауданы бағытында уақытша жабылады.
Шектеулер кезең-кезеңімен, орамдар бойынша жүзеге асырылады. Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет.