Павлодарлық әскери бөлімде жаңа оқу кезеңі басталды
6679 әскери бөлімінде 2024 жылғы жаңа оқу кезеңінің ашылуына орай саптық алаңда ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алғашқы күндік сабақты әскери бөлім командирі подполковник Аманжол Айтенов бөлімнің клубында және мәжіліс залында офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен «Қазақстан Республикасының Президенті-Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты» тақырыбында мемлекеттік-құқықтық даярлықтан сабақ өткізді.
– Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және мерзімді әскери қызметшілер жаңа оқу кезеңіне аяқ басып, мемлекеттік-құқықтық дайындық және жауынгерлік даярлық сабақтарына қатысты, – деді ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, жауынгерлік әзірлік бойынша алғашқы сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру, күнделікті жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарын жеткізу бағытында кешенді дәрістер берілді.