Павлодарда келісім-шарт міндеттемелерін орындамаған автотасымалдаушыға ескерту айтылды
Бүгінде №152 шағын класты автобустың жұмысына қатысты тұрғындардан арыз-шағымдар көптеп түсуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, аталған бағытқа қызмет көрсететін автотасымалдаушы «РАС» ЖШС келісім-шарт міндеттемелерін орындамаған.
- Тасымалдаушыға келісім-шарт талаптарын орындамағаны туралы хабарлама жіберілді. «РАС» ЖШС-на ағымдағы жылдың 8 қарашасына дейін жылжымалы құрамды қажетті мөлшерде 100% шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Әйтпесе, кәсіпорынмен келісім-шарт бұзылып, аталған бағытқа басқа, жауапты тасымалдаушы іздестіріледі, - деп мәлімдеді қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлім.
Айта кетелік, «РАС» ЖШС тасымалдауға №152 шағын класты автобустың 20-сын шығаруы тиіс. Бүгінде қалада осы бағытта тек бес қана автобус тиісті бағыт бойынша қызмет етуде.⠀