Павлодарда көп жылдар дымқыл тартқан жертөлені гидрогеологтар зерттейді
Қала әкімі Хасар Хабылбек көп жылдар бойы жертөленің дымқылданғанына шағымданған тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаһар басшысы топырақты зерттеуге гидрогеологтарды тартуды және жерасты суларын бұрып әкету бойынша ұсыныс жасауды тапсырды.
– Күн сайын Instagram парақшама қала тұрғындарынан көптеген өтініштер түседі, мен олардың әрқайсысына жауап беруге тырысамын. Кейбір өтініштер бойынша өзім барып, жағдаймен танысып шығамын. Қала әкімдігінің жұмысы тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған және сіздердің ұсыныстарыңызға әрқашан ашықпыз, – деп жазды Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында.
Сонымен қатар жеке секторлардың бірінің тұрғындары жарықтандыру, ағаштарды кесу, жол жөндеу мәселелерін көтерді. Әкім ТҮКШ бөліміне жарықтандыруды орнату, ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу, келер жылға көше жолына асфальт төсеуге қаражат бөлуді тапсырды.