Павлодарда бір тәулік екі үйде су болмайды

Павлодарда бір тәулік екі үйде су болмайды
Фото: pixabay.com

Мердігер су құбырын жаңартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық су арнасының мәліметінше, 26 қыркүйек сағат 9:00-ден 27 қыркүйек сағат 9:00-ге дейін Мәшһүр Жүсіп көшесі, 164, 169 мекенжайындағы тұрғын үйлерде су болмайды.

«АСКАДИ» ЖШС өтініші бойынша Толстой көшесінен Олжабай батыр көшесіне дейін Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында 500 мм ХПВ магистральдік су құбырын жаңартуға байланысты су ажыратылады. 

Мердігер Мәшһүр Жүсіп - Луначарский көшесіндегі учаскеде салынған су құбырын қайта кесуді жүргізеді.