Павлодарда көсемсөзші жазушының романының тұсаукесері өтеді

Павлодарда көсемсөзші жазушының романының тұсаукесері өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романы жарық көреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 18 қараша күні сағат 15:00-де ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жүсіпбек Аймауытов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, «Ақбеттау» журналының бас редакторы Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романының тұсаукесері өтеді.

Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романы адамгершілік, мейірім мен қатыгездік, екіжүзділік пен адалдық сынды жалпы адамзаттық ұғымдарды қамтыған ерекше шығарма болып табылады.

–   Роман қазақ әдебиетінде сирек кездесетін экшн жанрында жазылып, жаңа көзқарас пен терең толғанысты бейнелейді. Кеш барысында қатысушылар автордың шығармашылық жолы мен жаңа романның мазмұны, идеясы туралы ой бөлісіп, пікірлерін ортаға салады, - делінген хабарламада.

Кештің арнайы бөлігінде оқырмандар жазушыға сұрақтарын қойып, шығарманың жазылу тарихы мен автордың алдағы жоспарлары жайлы сұрай алады.