Павлодарда мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті

Павлодарда мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
Фото: Облыстық білім беру басқармасы

Айтулы додаға 240 оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 және 2 ақпан күндері қалалық №25 және №36 ЖОББМ-де оқушылардың бірінші облыстық кешенді гимназиясының жоспарына сәйкес волейболдан қалалар мен аудандар арасында жарыс өтті. Жарысқа 12 аудандық және 4 қалалық командадан 240 оқушы қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша қалалар арасында:

  • Павлодар қаласы ұлдар тобы және қыздар тобы бойынша бірінші орынды иеленді; 
  • екінші орын Екібастұз қаласына бұйырды;
  • ал үшінші орынды ұлдар тобынан Назарбаев Зияткерлік мектебі алса, қыздар тобынан Ақсу қаласы иеленді.

Аудандар арасында ұлдар тобы:

  1. Баянауыл ауданы;
  2. Ақсу ауылдық аймағы;
  3. Аққулы ауданы.

Қыздар тобы:

  1. Май ауданы;
  2. Ертіс ауданы;
  3. Екібастұз ауылдық аймағы.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды