Павлодар облысы сусындар бағасы бойынша елорданы басып озды

Павлодар облысы сусындар бағасы бойынша елорданы басып озды
Фото: Константин Шелков

Алматыда  да шырындардың құны төмен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылдың сегіз айы аралығында Қазақстанда екі миллиард литрден астам алкогольсіз сусындар өндірілді. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға артық көрсеткіш. 

Energyprom.kz сарапшылардың пікірінше, жалпы отандық компаниялар қазақстандықтарды сумен және сусындармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді.

Алкогольсіз сусындар шығарудың ең көп көлемі - өңірлік бөліністе, яғни Алматы, Шымкент және Астанада. Импорт үлесі 12 пайызды құрайды.

Energyprom.kz мәліметінше, импорт шамамен алты пайызға төмендеді.

– Бағаларға келетін болсақ, мұнда ерекше қуанарлық ештеңе жоқ, – дейді мониторинг агенттігінің сарапшылары. – Алкогольсіз сусындар мен шырындар жылдық динамика бойынша 11,7 пайызға қымбаттады.

Сонымен қатар, бағалар Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті. Антилидерлердің үштігіне Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары кірді.

Павлодар облысы бұл тізімде алтыншы орынды алды. 

Айта кетейік, Алматы мен Астанада минералды су, салқындатқыш сусындар, жеміс-көкөніс шырындарының құны Павлодар өңіріне қарағанда төмен.