Павлодарда мектептер ұлттық нақышпен безендіріп жарысады

Білім беру саласында 1 наурыздан бастап Ұлттық киім айы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай өтетін іс-шараларды аймақ басшысы Асайын Байхановтың қатысуымен өткен аппараттық жиналыста баяндады.
– Негізгі шаралар 14 наурыз мектептер арасындағы Көрісу күнінен басталады. 15-23 аралығында Наурыз базарлық, ұлттық қолөнер, әкелер және әжелер мектебі сынды шаралар топтамасы өтеді, – деді ол.
Басқарма басшысының пайымдауынша, қайырымдылық күні білім беру саласына қол ұшын берген еріктілерге және жақсы жандарға алғыс айтып, марапаттау шарасы өткізіледі.
Оқушыларды ұлттық көрсетілімдерге, тетр, қойлымдарға алып барады. «Автор мен диалог» атты ұлттық бағытта көркем шығармалары бар ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізіледі.
– 21,22,23 наурыз күндері орталық алаңда балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырып, балаларды шақырып атап өтеміз, – деді ол.
19-20 наурыз күндері музыкалық колледжде үлкен ретро әндер фестивалі өтеді. Оған Иса Байзақов атындағы мемлекеттік облыстық филармониясы мен колледждің ұжымы қатысады.
«Алтын сақа» шығармашылық инновациялық орталығымен бірлесіп, 20 наурыз күні спорттық іс-шаралар өтеді.
– Мереке каникулмен тұспа-тұс келгендіктен, балаларға арналған және ата-аналармен бірлесіп өтетін іс-шаралар болып екіге бөлінеді, – деді ол.
Мереке күндерден кейін писихологиялық қорғау орталығы кезең-кезеңмен кесте бойынша ата-аналарды қабылдайды.
26-30 наурыз күндері аралығында 8, 9, 11-сынып оқушыларын кәсіптік бағдар беруге шақыратын және наурыз айының соңғы сенбісінде ата-аналарға техникалық кәсіптік білім беру орындарында ашық есік күні ұйымдастырылады.
Аймақ басшысы балаларға ұлттық мереке туралы сауаттылығы мен көзқарасын кеңейтіп, мерекенің дәстүрін, мағынасын, тарихын тереңінен түсіндіріп нәсихаттап, білім мен сауаттылықты тең алып жүруді тапсырды.