Павлодарлықтар астаналық баскетболшыларға тосын сый жасады

«Ertis» клубының жоспарында бір ойын қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ertis» баскетболшыларының «Астанаға» қарсы бірінші ойыны павлодарлықтардың жеңісімен аяқталды – 70:66. Ойын елордалық спорт академиясының залында өтті.
Бірінші ширекте 18:10 есебімен жеңілген павлодарлық команда келесі кезеңдерде матчтың тағдырын өзгерте білді. Назым Адылбеков 28 ұпай жинап, «Ertis» командасының үздік ойыншысы атанды.
12 наурызда команда ел чемпионатындағы соңғы кездесуін өткізеді. Қарсыласы тағы да сол – «Астана». Ойын 20.00-де басталады. Көрсетілімді федерацияның ресми YouTube арнасынан көруге болады.