Павлодарда «Музыкалық жанұя» отбасылық байқауы қорытындыланды

Павлодарда «Музыкалық жанұя» отбасылық байқауы қорытындыланды
Фото: pexels.com / RDNE Stock project

Байқауға өңірдің барлық аймақтарынан келген 30 отбасылық ансамбль қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Шара «Адал Азамат» тәрбиелеу бағдарламасы аясында дәстүрлі түрде өткізілді. Жиын ерекше тартысты әрі көрермен назарын баураған деңгейде өтті.

Әр отбасы сахнада ұлттық және заманауи музыканы шебер үйлестіре отырып, көркем бағдарламаны ұсынды.

– Іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа музыкалық тәрбиені насихаттау, сондай-ақ ата-ана мен баланың арасындағы өзара түсіністік пен шығармашылық байланысты нығайту болды, – дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың қорытындысы бойынша, бас жүлде үйлесімді орындау шеберлігі мен кәсіби деңгейдегі көрінісі үшін Ботагозовтар отбасына бұйырды.